КОНСАЛТИНГ

МОІ сақтандыру брокер қызметкерлерінің сақтандыру саласындағы біліктілігі мен тәжірибесі өз клиенттеріне келесі мәселелер бойынша шешімдер мен кеңестемелік қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді:

  • Сақтандыру қажеттілігін анықтау, қажетті бағдарламаны таңдау;
  • Сақтандыру нарығын талдау, сақтандыру тарифтерін таңдау;
  • Сақтандырудың барлық түрлері мен бағдарламалары бойынша кеңес беру;
  • Бірнеше компаниялардан коммерциялық ұсыныстарды қалыптастыру;
  • Сақтандыру шарттарын, полистерді Сіз үшін ыңғайлы уақытта және жерге жеткізу;
  • Сақтандыру шартының бүкіл әрекет ету кезеңінде көмек көрсету және кеңес беру;
  • Ақпараттық тренингтер мен семинарлар өткізу.

MOI сақтандыру брокер бизнестегі тәуекелдерді, сондай-ақ осы тәуекелдерді оңтайландыру стратегияларын әзірлеуге талдау жүргізеді. Сақтандыру/қайта сақтандыру тәуекелдерді басқару құралдары болып табылады.

МОІ сақтандыру брокер ұсынатын тәуекелдер саласындағы консалтинг келесі шараларды қамтиды:

  • Сақтандыру/қайта сақтандыру шарттарының талаптарының ерекшеліктері бойынша Компанияның сақтандыру/қайта сақтандыру портфелін талдау;
  • Шығыс қайта сақтандыру шарттарын түпнұсқалық сақтандыру шарты қамтитын тәуекелдер мен шарттардың қайта сақтандыруға табысталған тәуекелдер мен шарттарға сәйкестігін талдау;
  • Қайта сақтандыру құрылымдарының дұрыстығын және қайта сақтандыруда ұсынылған тарифтердің орындылығын талдау.