КОНСАЛТИНГ
МОІ сақтандыру брокер қызметкерлерінің сақтандыру саласындағы біліктілігі мен тәжірибесі өз клиенттеріне келесі мәселелер бойынша шешімдер мен кеңестемелік қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді:
-
Сақтандыру қажеттілігін анықтау, қажетті бағдарламаны таңдау;
-
Сақтандыру нарығын талдау, сақтандыру тарифтерін таңдау;
-
Сақтандырудың барлық түрлері мен бағдарламалары бойынша кеңес беру;
-
Бірнеше компаниялардан коммерциялық ұсыныстарды қалыптастыру;
-
Сақтандыру шарттарын, полистерді Сіз үшін ыңғайлы уақытта және жерге жеткізу;
-
Сақтандыру шартының бүкіл әрекет ету кезеңінде көмек көрсету және кеңес беру;
-
Ақпараттық тренингтер мен семинарлар өткізу.
MOI сақтандыру брокер бизнестегі тәуекелдерді, сондай-ақ осы тәуекелдерді оңтайландыру стратегияларын әзірлеуге талдау жүргізеді. Сақтандыру/қайта сақтандыру тәуекелдерді басқару құралдары болып табылады.
МОІ сақтандыру брокер ұсынатын тәуекелдер саласындағы консалтинг келесі шараларды қамтиды:
-
Сақтандыру/қайта сақтандыру шарттарының талаптарының ерекшеліктері бойынша Компанияның сақтандыру/қайта сақтандыру портфелін талдау;
-
Шығыс қайта сақтандыру шарттарын түпнұсқалық сақтандыру шарты қамтитын тәуекелдер мен шарттардың қайта сақтандыруға табысталған тәуекелдер мен шарттарға сәйкестігін талдау;
-
Қайта сақтандыру құрылымдарының дұрыстығын және қайта сақтандыруда ұсынылған тарифтердің орындылығын талдау.