АЛМАТЫ Қ.
ТАШКЕНТ Қ.
soc-783

КОРПОРАТИВТІК КЛИЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

«MOI (МОЙ) сақтандыру брокер» ЖШС Сізге сақтандыру және қайта сақтандыру саласында жоғарыбілікті қызметтерді ұсынады.

Бүкіл әлемде ірі сақтандыру операцияларының 80% сақтандыру брокерлері арқылы іске асырылады. Мұның лайықты түсіндірмесі де бар – сақтандыру брокеры сақтандырудың барлық егжей-тегжейлерін біледі.

Әрбір кәсіпорын мен ұйым әртүрлі ауқым мен қызмет бағыттарына ие. Сіздің бизнесіңіздің ерекшеліктерін ескере отырып, МОІ білікті мамандары сақтандырудың барлық ерекшеліктері бойынша кеңес береді, оңтайлы сақтандыру қорғауын ұсынады, Сіздің компанияңызға сақтандыру компанияларындағы  олданыстағы сақтандыру бағдарламаларының ішінен оңтайлы ұсынысты және тиімді сақтандыру шарттарын таңдайды немесе дербес ұсыныс әзірлейді, сақтандырушымен барлық өзара әрекеттестіктің рәсімдерін түсіндіреді,  ізді сақтандырудың бүкіл мерзімінің ішінде сүйемелдейді.

Сақтандыру компанияларымен сенімді қарым-қатынастар мен уақыт сынағынан өткен сақтандыру нарығындағы біздің жұмыс тәжірибеміз ірі корпорацияларға, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдеріне сақтандыру қызметтерінің оңтайлы тиімді жиынын ұсынуға мүмкіндік береді.

Біз тәуекелді орналастыру кезінде ұйымдық қолдау көрсетіп қана қоймай, сақтандырудың барлық кезеңдерінде мәселелерді шешу кезінде  аппай ақпарат пен білікті кеңестерді бере отырып, өз клиенттеріміз үшін ең ыңғайлы сервисті қамтамасыз етуге тырысамыз.